Самат Кабдиев
Самат Кабдиев

Орал қаласының тумасы, «Ғажайыптар маусымының» чемпиондары «Назар аудар» командасының құрама ойыншысы, дәстүрлі қазақы ортада жиын-тойдың ретін ұйымдастырушы. Қазіргі уақытта Орал қаласында әртүрлі іс-шараларды, тойларды тамада, яғни асаба ретінде жүргізеді. Самат Қабдиев – өткір тілді әзілқой, көңілді музыкант. Орал қаласында ол тәжірибелі, жинақы, сабырлы асаба ретінде танылады. Самат Қабдиев әрдайым жаңа идеяларға толы, қойылатын бағдарламасы қызықты әрі ерекше.